Попечительский советі » ГККП "Ясли сад №157"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №157»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Заведующий :
+7(727) 386-56-14
Методист:
+7(727) 386-54-06
Версия для
слабовидящих
08
сентябрь
2022

Попечительский советі

    1. Жалпы ережелер
         1.1. Осы Ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-б. 9-т. сәйкес, «Білім 
беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің 
үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017.27.07  № 355 бұйрығымен әзірленді.
 1.2.  № 157 МКҚК Попечительский советі (бұдан әрі – Попечительский совет) мектепке дейінгі 
ұйымды (бұдан әрі – МДҰ) алқалы басқару нысандарының біріне жатады.
  1.3. Попечительский совет МДҰ жарғысының және осы Ереженің негізінде заңды тұлға 
мәртебесісіз жұмыс істейді.
  1.4. Попечительский совет
  • тәрбиеленушілердің құқықтарын сақталуына, сондай-ақ МДҰ шотына түскен қайырымдық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізеді;
  • жарғыға өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
  • МДҰ басты даму бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
  • МДҰ-ға қайырымдылық көмек түрінде келіп түскен қаржыны бөлуге қатысады және оны мақсатқа сай жұмсау туралы шешім қабылдайды;
  • МДҰ бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
  • білім саласындағы ЖАО Попечительский совет МДҰ жұмысынан анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасайды;
  • МДҰ қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, мәжілістерге, семинарларға қатысады;
  • МДҰ қызметімен, тәрбиеленушілерге жасалған жағдаймен танысады, психологтың көзінше олармен әңгімелеседі.
2. Құрамы  2.1. Попечительский советтің құрамы мынадай  1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;  2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;  3) коммерциялық емес ұйымның өкілдері (болған жағдайда);  4) ата-аналар комитеті ұсынған балабақша тәрбиеленушілерінің ата-анасының немесе заңды өкілінің бірі;  5) қамқоршылар (болған жағдайда).  2.2. Жанында Попечительский совет құрылған балабақша меңгерушісі оның мәжілістеріне қатысады.  2.3. «Білім туралы» ҚР Заңының 51-б. 1-т. 2) және 3) тарм. көрсетілген тұлғалар Попечительский советтің құрамына кірмейді.   2.4. Попечительский совет мүшелерінің саны тақ санды құрайды және бір-бірімен және  меңгерушімен жақын туыстық және достық қарым-қатынасы жоқ тоғыз адамнан кем болмауы тиіс.      2.5. Попечительский совет мүшелерінің құзыреттілігінің мерзімі бір жылды құрайды.  Попечительский совет мүшелері балабақша жұмыскерлерінің штатына кірмейді. Попечительский совет құрамындағы мемлекеттік орган өкілдерінің саны үш адамнан аспауға тиіс.    3. Сайлау тәртібі  3.1. Попечительский совет мәжілісінде ашық дауыс беру арқылы басым дауыспен сайланған (қайта сайланған) төраға Попечительский советтің басшысы болып табылады.  3.2. Мемлекеттік орган өкілдері Попечительский совет төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін орындамайды.  3.3. Төрағаның орынбасары мен оның хатшысы Попечительский советпен сайланады.  3.4. Хатшы Попечительский советпен сайланады және Попечительский советтің іс қағаздарын жүргізуге жауапты.  4. Құзыреттері  4.1. Егер мәжіліске Попечительский совет мүшелерінің кем дегенде 2/3 бөлігі қатысса, ол шешім қабылдауға құқылы. Попечительский совет шешімі оған қатысып отырған мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы басым дауыспен қабылданады.  4.2. Попечительский совет мүшелері арасында тапсырмаларды бөлу кеңес отырысында анықталады.  4.3. Попечительский совет мүшелерінің өз қызметтерін атқаруы ақысыз негізде жүзеге асырылады.  4.4. Осы ережеге өзгертулер мен толықтырулар Попечительский советтің жалпы жиналысында енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.   5. Бюджеттен тыс қосымша қаражатты тарту нысандары, тәртібі және жұмсау  5.1. Балабақшаға қайырымдылық көмек ақысыз негізде ерікті тәртіпте көрсетіледі және осы Қағидалармен қарастырылған тәртіпте Попечительский советтің шешімімен ғана жұмсалады.  5.2. Балабақшаға қайырымдылық көмектен келіп түскен кез келген қаражат екінші деңгейлі банктен ашылған шотқа түседі.  5.3. Қайырымдылық көмектен түскен қаражат мына мақсаттарға жұмсалады:  1) МДҰ тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау;  2) МДҰ материалдық-техникалық базасын жетілдіру;  3) спортты дамыту, дарынды балаларды қолдау;  4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға кететін шығынды есепке алу.  5.4. МДҰ жыл сайын қоғамға қаржылық жылдың қорытындысы бойынша өзінің интернет- ресурсына, сәйкес саладағы уәкілетті органның интернет-ресурсына, білім саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсына сәйкес есепті жариялау арқылы қайырымдылық көмектен түскен қаражатты қолдану және оның қозғалысы туралы ақпарат береді.   6. Іс қағаздарын жүргізу  6.1. Попечительский советтің отырысында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.  6.2. Хатшының қызметі Попечительский совет мүшелерінің біреуіне жүктеледі.  6.3. Құжаттама Попечительский совет төрағасында 1 жыл бойы сақталады.  6.4. Ереженің қолданылу мерзімі: білім беру ұйымының нысаны (немесе түрі) өзгергенге дейін.