Консультация для родителей детей не посещающих детский сад "Игры с детьми" » ГККП "Ясли сад №157"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№157 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 386-56-14
Әдіскер:
+7(727) 386-54-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Консультация для родителей детей не посещающих детский сад "Игры с детьми"
06
қараша
2025

Консультация для родителей детей не посещающих детский сад "Игры с детьми"

Хан алшы


Ойынға 5-10 балаға дейін қатыса береді. Асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуін қызыл түске бояндар. Осы асық «хан» болады. Алдымен санамақ арқылы ойын бастаушыны тағайындап алындар.
Осы бала асықтың бәрін уысына жиып алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Сендер «ханның» қалай түскенін байқап отырындар.
Егер «хан» бүк, шік, тәйкі түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұк саусағымен итереыршытып біріне-бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады.
Осы арада «ханды» тек ең соңғы өзі сияқты жатқан асықпен атып алуға болатынын ұмытпағандарың жөн. Ойын бастаушы басқа асықтарға қолымен не асықпен тиіп кетсе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, егер «хан» алшысынан тұрса, «ханды» әрқайсысың өз қолдарына түсіруге әрекеттеніндер. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жетеді. Ойынды да сол жеңген бала бастайды.



Омпы


Асықты мұртынан немесе жамбасынан тұрғызуды «Омпы» дейді. Омпы ойынына 2-10 балаға дейін қатыса берулеріңе болады. Ара қашықтығы 10-20 адым қалауларың бойынша жерге екі көмбе сызындар. Әрқайсысың көмбенің тең ортасына белгіленген сызық бойындағы көнге екі асықтан тігіндер.
Ортасына бір асықты омпысынан тұрғызындар.
Көмбедегі сызық бойына кезекке тұрып, қолдарындағы сақаларыңмен көнге тілінген асықтарды атып түсірулерің керек. Атып алған асықтарың өздерінде қалады. Егер омпыға тигізсендер, көндегі барлық асықтарды аласындар.
Неғұрлым көп асық ұтып алғандарың жеңіске жетесіндер.

Тақия тастамақ 

Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырындар. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулеріңнің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсандар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал, жүргізуші құған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

Такия тастамак

(Тюбитейка)


В игре принимают участие несколько детей. Вначале всем нужно сесть, образуя круг. Обходя этот круг с внешней стороны, ведущий незаметно оставляет тюбитейку сзади кого – нибудь из детей и убегает.
Если игрок, за спиной которого оставили тюбитейку, заметил это – он должен догнать ведущего, а ведущий должен постараться занять место игрока в круге. Если игроку так и не удается догнать ведущего, то он должен будет показать свое искусство, например, спеть песню, рассказать стихотворение или станцевать.