Біртұтас тәрбие: "Аналар мектебі", "ересектер" Ақбота тобы » ГККП "Ясли сад №157"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№157 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 386-56-14
Әдіскер:
+7(727) 386-54-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біртұтас тәрбие: "Аналар мектебі", "ересектер" Ақбота тобы
04
ақпан
2025

Біртұтас тәрбие: "Аналар мектебі", "ересектер" Ақбота тобы

Тақырыбы: "Аналар мектебі" - ана жүрегі!
Мақсаты:бала боиында әлемдегі асыл ананы сыйлауға, адамгершілік сезімін ұялатуға, әсемдікті сүюге баулу.
Білімділік: Оқушыларға 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні туралы жалпы мағлұмат беру.
Көрнекілігі: анлар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, видеоклип.
ҰІӘ барысы:
1-бала: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Видеоклип: «Ананың жүрегі»
Көрініс:
2-бала:
«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап
«Ана» деген бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық,алтын бақ
3-бала:
Ана деген адамзаттын данасы.
Ана деген сәбилердің панасы.
Ана деген жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген қайнар ыстық бұлағың,
Ана деген өмірдегі қамқорлық,
Ана деген сүйнерің, жан құбын.
5-бала: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті алдында бәріміз да бас июге тиіспіз.
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
Қорытынды: Біз мәңгілік сіздерге аналар, борыштарымыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.  Халыққа батыр да өткен, бағлан да өткен, жеті атасын білген ер азамат деп.Бабалар өсиет қып айтып кеткен.Бұл пәниден жақсы да, жаман да өткен,жиын тегі болмап па еді бізде көптен.Қол соғып ел – жұртын демеп отыр.  Аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, мекереклік іс-шарамызды «Ана туралы жыр» әнімен аяқтаймыз.